30.12.2020, 16:51
Оқылды: 26

Шыңғырлауда «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы түсіндірілді

Бүгін Шыңғырлау ауданының шекарасы іспеттес жерден қоныс тепкен алыстағы Алмазда аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар Светлана Байтенова, Нұрым Успанов, Нұрхан Ямашов, партияның сенімді өкілі Мұрат Бекжанов ауыл жұртшылығымен кездесті.

IMG_8252

Еліміздегі халықтың үлкен сеніміне ие болып келе жатқан «Nur Otan» партиясы алдағы жылы өткелі тұрған сайлауда нақты қадамдарға негізделген бағдарламасын халық талқысына ұсынып отыр.

Партияның сенетіні – халық, сондықтан да елдің ынтымағы мен берекесін ойлайтын, осы жолда жұмыс жүргізетін әрбір партия бұқараның болашағы үшін батыл бастамаларды өмірге дендеп ендіреді. Ал партияның қамқорлығы мен қолдауын көрсетіп отырған «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы» жобалары ауыл-ауылдарда да қанат жайып, шапағатын көріп отырған ел-жұрт аталмыш жобалар өміршеңдігін жоғалтпаса екен деседі.

IMG_8270

Алдағы жылы да партия өзінің іс-жоспары шеңберінде елімізді дамытуға негізделген 7 бағыты аясында нақты істерді жалғастырмақ. Партия мақсат-мүддесін Алмаз ауылының халқына жеткізіп, ашық әңгіме құруға шақырған кандидат Светлана Ешматқызы ертеңгі болашаққа сенім беретін партияға дауыс беруге жұртшылықты шақырды.

Алмаз ауылының тұрғыны Ғаббас Қайырғалиев те үміткерлердің үгіт-насихат жұмыстарына, «Nur Otan» партиясының Шыңғырлау ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасының жеті басым бағыттарының орындалуы үшін ризашылығын білдіріп, Қазақстан халқының қауіпсіздігі мен бейбіт өмірін қамтамасыз ететін жетекші партияға ауыл халқы жүрегімен таңдау жасап, дауыс береді деп сенетіндігін айтты.

Гүлшат Ибрагимқызы,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале