30.11.2020, 9:44
Оқылды: 67

Шыңғырлауда өткен пайдалы кездесулердің берері мол

«Nur Otan» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалы мәслихат депутаттары округтерге барып, халықтың бүгінгі таңдағы тыныс-тіршілігінен  хабардар болу мақсатында ауылдық округтерде кездесулер өткізуде. Жуырда аудандық мәслихат депутаттары Ащысай ауылдық округінде карантиндік жағдайға байланысты ZOOM платформасы арқылы тұрғындармен жүздесті.

 IMG_5291 (1)

Ауыл әкімі Досхан Шотпанов агроөнеркәсіп саласына қатысты жұмыстар мен округтің қысқа әзірлік барысын жеткізді. Сонымен қатар аудандық мәслихат депутаттары «Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту» мәселелері бойынша сұрақтарға жауап беріп, ақпараттармен бөлісті.

Осындай жүздесулер жалғасын тауып, аудандық филиалдың Саяси кеңесі мүшелері, аудандық мәслихат депутаттарының қатысумен Ақтау ауылында "Ауданда кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасын жүзеге асыру" тақырыбы бойынша ауыл шаруашылығы саласы өкілдерімен онлайн режимінде кездесу өткізді.

Кездесу барысында аудандық кәсіпкерлер палатасы филиалының кеңесшісі А.Сұлтанғалиев "100 нақты қадам" Ұлт жоспары шеңберінде "Шағын бизнесті несиелендіру бағдарламалары" тақырыбында "Игілік", "Сыбаға", "Қарапайым заттар экономикасы", "Кәсіпкер" бағдарламаларының тиімділігі, осы бағдарламалармен қалай жұмыстану керектігіне тоқталды. Кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы мәселелер көтеріліп, онлайн режимінде қойылған сұрақтарға жауап берілді.

Ауданымызда көпбалалы отбасылардың жұмыспен қамтылып, тиісінше жәрдемақыларды уақытылы алып, құжаттарды рәсімдеу жұмыстары қалай жүруде деген сұраққа жауап алу мақсатында «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихат депутаты Светлана Байтенова басқосу ұйымдастырды.

Жиынға қатысушылар алдында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы С.Вагапова ауданда бүгінгі таңда 86 көпбалалы отбасылар бар екенін, соның 37-сі тұрақты жұмыспен қамтылғанын атап өтті.

Сонымен қатар бас маман көпбалалы отбасылар Үкімет тарапынан қарастырылған барлық көмектерді алып, қолдау тауып отырғандығын, ал егерде қандай да бір кәсіп түрінен өз ісін ашсам дегендер болса, жан-жақты кеңестер берілетінін айтып өтті.

                                                                                                       Гүлім Шынтас,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале