Ел аумағында Парламент Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихат сайлауының үгіт-насихат кезеңі жалғасуда. «Nur Otan» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалы сайлауалды штабының мүшелері партия ардагерлерімен кездесті.
Кездесу барысында «Nur Otan» партиясының республикалық және аудандық сайлауалды бағдарламасы таныстырылды. Бағдарламамен танысқан ардагерлер күні бүгінге дейін айтылып жүрген көптеген мәселелердің яғни Қарағаш, Ақтау, Ардақ ауылдық округіндегі ұялы байланыс, сапалы ауыз сумен қамту бойынша Алмазный, Ақтау, Ардақ ауылдарына әр үйге су жеткізіліп отырғандығын айтып, «Nur Otan» партиясының тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартудағы нақты жұмыстарын атап өтті.
Ардагерлердің «Nur Otan» партиясы Шыңғырлау аудандық сайлауалды бағдарламаның ауданды дамытуға бағытталған шаралары туралы ұсыныс-пікірлері тыңдалды.
«Біз ауданның әрбір тұрғынының жайлы өмір сүруі, дамуы үшін барлық мүмкіндіктерге ие болатын бақуатты қоғамды бірге құрамыз», - дейді «Nur Otan» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалы сайлауалды штабының төрағасы Светлана Байтенова.
Гүлшат Ибрагимқызы,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz