Бүгін 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні, "Елім, жерім" деп, жазықсыз жазаланған азаматтарға тағзым ету күні. Ел еңсесін көтереміз деп жүріп, саяси қуғынға ұшыраған боздақтарымызды еске алып, мәңгілік жүрегімізде сақтау – біздің парызымыз.
Шыңғырлау аудандық Қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған ескерткіш алаңында құрбан болған азаматтардың рухына тағзым етілді.
Ескерткішке гүл шоқтары қойылып, құран бағышталды.
Шараға қатысушылар арманда кеткен арыстарды үнсіздікпен, күрсіне еске алды.
Гүлжазира Асу,
Шыңғырлау ауданы