Сенбіліктің халықты тазалыққа шақырып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруда маңызы зор. Осыған орай бүгін Шыңғырлау ауданында жалпыаудандық сенбілік өтті.
"Таза жағалау" науқаны аясында ауданымыздағы өзен-көл жағалауларынан, ауылдық округтерден қоқыс жиналды. Жіңішке, Ащы, Жаңакүш су бөгеті, Елек, Қонақай бойлары жиналып, тазалық жұмыстары жүргізілді.
Тазалық акциясына 200-ге жуық мекеме-ұйым қызметкерлері қатысып, жұмылдырылған 3 техниканың көмегімен 8 тонна қоқыс қалдықтары шығарылды.
Мұндай шаралар алдағы уақытта жалғасын табатын болады.
Айбарша Лекерова,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz