30.03.2023, 17:30
Оқылды: 12

Шыңғырлауда сессия отырысы өтті

 

 Бүгін  Шыңғырлау ауданында VIII шақырылым Шыңғырлау аудандық мәслихатының бірінші ұйымдастыру сессиясы өтті.

WhatsApp Image 2023-03-30 at 16.15.13(1)

 Сессияға аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова, бөлім, мекеме басшылары, БАҚ өкілдері және аудандық мәслихаттың өткен шақырылымының депутаттары қатысты. Сессияға төрағалық еткен аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлыбек Калиев төрағалық етіп, жақында өткен ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауы соның ішінде аудандық  мәслихат туралы хабарламасын ұсынды.

WhatsApp Image 2023-03-30 at 16.15.09

Төрағаның сөзінше сайлаушылардың тізімдеріне 8 638 азамат енгізіліп, дауыс беруге 8176 сайлаушы қатысқан немесе 94,8 пайыз сайлаушы дауыс берген. Кандидаттардың жалпы саны - 27.

Шыңғырлау аудандық мәслихаттың бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша  сайланған депутаттарды құттықтап, оларға  төсбелгілері мен куәліктерін табыстады.

WhatsApp Image 2023-03-30 at 16.15.09(2)

 Сондай-ақ осы сессияда Шыңғырлау аудандық мәслихатының Шыңғырлау аудандық мәслихатының  төрағасы болып Сағидолла Тұрғалиев сайланды.

                                                                                 А.Муса,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале