7.12.2020, 15:16
Оқылды: 53

Шыңғырлауда шекарашылар қайырымды іс жасады

Адамның адамшылығы қиын кезде, сындарлы сәттерде сыналады. Шыңғырлау халқы өздерінің бірлігін, ұйымшылдығын, жанашырлық сезімдерін осы пандемия кезінде тағы бір көрсетті. Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын дегендей, осындай қайырлы істен Шыңғырлау шекара бөлімшесінің қызметкерлері де қалыс қалмады.2C99D98B-2EEA-4459-B828-4EA78A4C29B1

 «Біздің ұжым жастар ұйымымен біріге отырып, қиындық көріп отырған отбасыларға аз-мұз болса да көмек қолын созуды жөн көрдік. Көпбалалы жас отбасыларға азын-аулақ азық-түліктерін сатып әпердік. Адамдарға қайырымдылық жасау тек бір айлық акциялармен немесе біркүндік көмекпен ғана шектелмеуі керек деп ойлаймын. Жақсылық жасалған кезде жүректерге нұр құйылып, өмір шуаққа толады. Өзгелерге көмек ету арқылы өзіміз де қуанышқа бөленеміз. Менің айтарым, айналаға назар салып, көмек қажет ететін адамдар болса, риза қылуға тырысыңдар. Әсіресе осындай шақта көмекке зәру адамдар айналаңызда, ауылыңызда болуы мүмкін»,- дейді Шыңғырлау шекара бөлімшесінің бастығы Нұрәлі Оспанәлиев.

EA5E6A7C-AB00-499A-A262-3C0FE4120927

 Айта кету жөн, жастармен біріккен бастамашыл топ 3 отбасына 60 мың көлемінде қаражатқа азық-түлік тауарларын сатып алып, үйлеріне жеткізіп берді. Бұл игілікті іс өзгелерге де үлгі болуы тиіс.

                                                                   А.Муса,

Шыңғырлау ауданы

  zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале