15.02.2021, 17:06
Оқылды: 107

Шыңғырлауда штаб отырысы өтті

Шыңғырлау ауданында коронавирус ауруын жұқтырғандардың саны күннен-күнге өсуіне орай әлі «қызыл аймақтан» шыға алмай отыр. Аудан әкімінің орынбасары Азамат Бисембаевтың төрағалығымен коронавирус ауруының алдын алуға арналған штаб отырысы онлайн форматта өтті.

82CD5CBE-DD1E-4877-90D5-C58AA4832B0C

Аудан орталығы – Шыңғырлауда, Ардақ, Ақшат және Ащысай ауылдарында «COVID-19» вирусын жұқтырған тұрғындардың анықталуына орай аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Ермек Сабировтың жаңа қаулысы жарияланды. Қаулыда 16 ақпан мен 1 наурыз аралығында сақтық шараларын одан әрі күшейту, кәсіпкерлік нысандардың жұмыс жасау регламентін қысқарту, санитарлық талаптардың дұрыс орындауын қадағалау, т.б. шектеулер енгізілген.

07049928-8693-47EF-81BE-D4EED92E6C18

Аудандық бас санитарлық дәрігер Е.Сабировтың хабарлауынша, ауданда 2021 жыл басынан бері коронавирустық жұқпасымен 134 науқас тіркелген. Соның ішінде тек ақпан айының 15-не 74 адамнан аталмыш вирус анықталған.

Сондықтан сақтық шараларын күшейтіп, мүмкіндігіміз келгенше ешқайда шықпауға, адамдар көп шоғырланатын орындарға бармауға, өзімізді-өзіміз күтуге тырысайық! Себебі сақтық шаралары орындалмаса, бәрімізге бірдей қауіп төнеді.

 Аман Ізмұхан,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале