Шыңғырлау аудандық денешынықтыру-спорт кешенінде Социалистік Еңбек Ері Манат Бақытұлы Ержановты еске алуға және «Жарас» шаруа қожалығының жүлдесіне арналған бокстан жасөспірімдер арасындағы дәстүрлі қалааралық турнирдің ашылу салтанаты өтті.

Шара барысында аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев бастаған ауданның құрметті азаматтары, спортшылар, бапкерлер аудандық денешынықтыру-сауықтыру кешенінің ауласына тал теректер отырғызды. Бұл игі бастама Мемлекет басшысы ұсынған «Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылып, қоршаған ортаны қорғау мен көгалдандыруға бағытталған маңызды қадам болды.

Аудан әкімі өз сөзінде табиғатты аялау – әрбір азаматтың борышы екенін атап өтіп, мұндай шаралардың жас ұрпақ тәрбиесінде ерекше маңызға ие екенін жеткізді.

Алдағы уақытта да осындай экологиялық бағыттағы шаралар жүйелі түрде ұйымдастырылып, аудан аумағында көгалдандыру жұмыстары қарқын ала бермек. Бірлескен еңбектің нәтижесінде аудан келбеті жаңарып, табиғатпен үйлесімді дамудың жарқын үлгісі қалыптаса береді.
Светлана Усалимова,
Шыңғырлау ауданы