1.05.2021, 19:25
Оқылды: 46

Шыңғырлауда тәжік-ауған шекарасындағы әскери қақтығыста қаза болғандарды еске алу шарасы өтті

Шыңғырлау аудандық мәдениет үйінде тәжік-ауған шекарасынан қазақстандық батальонның шығарылуының 20 жылдығына арналған салтанатты шара ұйымдастырылды.

20210501_191627

Шара барысында аудан әкімінің орынбасары Азамат Бисембаев сөз сөйлеп, «Тәжік-Ауған» шекарасындағы әскери қақтығыстарында жазатайым болған жерлесіміз Каймулдиев Радик Бахтыгерейұлының ата-анасымен бірге бірқатар азаматтарға аудан әкімінің алғыс хатын табыс етті.

Келесі кезекте, Ақсай қаласынан арнайы келген Ауған соғысының ардагері, Бөрлі ауданының құрметті азаматы Ж.Бектемиров пен жерлесіміз ауған соғысының ардагері М.Дәулетқалиев, сонымен қатар «Тәжік-Ауған шекарасындағы және әскери қақтығыстардағы соғыс қимылдарына қатысушы ардагерлер одағы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігі Филиалының төрағасы Ә.Ашурматов сөз сөйлеп, Тәжік-Ауған соғысының қысқаша тарихына тоқталып өтті. Жиын аудандық мәдениет үйі өнерпаздары дайындаған тамаша концертке ұласты.

IMG-20210501-WA0029

Жалпы, тарих бетіне үңілсек, 1993-2001 жылдар аралығында ТМД елдерінің 1992 жылғы «Ұжымдық қауіпсіздік туралы» халықаралық келісімшартына сәйкес, Қазақ елінен бітімгерлік батальон Тәжік–Ауған шекарасында осы топтарға батыл тосқауыл қоюға жұмылдырылды. Сегіз жылға созылып, сегіз жарым мың қазақстандық қатысқан ұрысқа бітімгершілік операциясы жүргізіліп, қақтығыс аймағында көптеген қазақстандық сарбаз қаза тапты.

Биыл, яғни 2021 жылы өз азаматтық борыштарын абыроймен атқарып, ата-баба, ағаларының көрсеткен өжеттігін, ерлігін қайталай, қазақтың батыр халық екенін күллі әлемге тағы да жария еткен 19-20 жастағы қазақ жауынгерлерінің ерліктерің өскелең ұрпаққа жеткізу мақсатында Шыңғырлау ауданында «Шыңғырлау-Қазбат» қоғамдық ұйымы өз жұмысын бастады.

Анар Ізмұхан,
Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале