16.05.2022, 21:23
Оқылды: 121

Шыңғырлауда «Толағай» отбасылық сайысы өтті

Бүгін "Шыңғырлау жастары" ЖҚБ-ның  ұйымдастыруымен  дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде «Толағай» отбасылар сайысы өтті.

9C6CA92C-BF84-492D-BD9C-FAF3E0BFD761

Отбасы күніне орай өткен жарыста 5 отбасы қатысып, 6 кезең бойынша бақ сынасты.

Сайыс ата-аналарды қатыстыра отырып, баланы өмірде белсенді болуға, қимыл қозғалыс қабілеттерін дамыту, шапшаңдыққа, төзімділікке тәрбиелеу арқылы салауатты өмір салтын ұстану мақсатында ұйымдастырылды.

Жарыс нәтижесінде І орынды "Қыран" тобы Жубаниязовтар отбасы жеңіп алды. ІІ орынға "Дарабоз" тобы Бекбергеновтер отбасы лайық деп танылды. Ал үшінші орынға «Тұлпар» тобы Жүпиевтер отбасы табан тіреді. Сондай-ақ Мукашевтар мен Саматовтар отбасылары жарыста белсенділік танытқандары үшін ынталандыру сыйлықтарына ие болды.

Барлық қатысушыларға ұйымдастырушылардың атынан дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Б.Баймағамбетова,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале