Қазіргі таңда ғаламтор мен әлеуметтік желінің дамыған заманы. Сол себепті «Nur Otan» партиясының мәслихаттарға депутат сайлау науқаны алдында санитарлық қауіпсіздік талаптарын орындауға жол ашуда тікелей эфирдегі жүздесудің мәні ерекше.
22 желтоқсан күні аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер С.Намиева, Қ.Жазықбаев, О.Кушев, Г.Құрманбаева, С.Тайпақова және Г.Бисенғалиева, С.Қазиев сайлаушылармен тікелей байланыс орнатты. Әр үміткер партияның сайлауалды бағдарламасындағы өзекті мәселелерге тоқталып, аудандағы 7 бағыт бойынша жасалатын шаралардың барлығы да халықтың әл-ауқатын көтеріп, қоғамның тұрақтылығы, елдің бірлігі, ұлттар татулығына негізделгендігін әңгіме өзегіне айналдырды.
Сонымен қатар үміткерлер өз салалары бойынша да жолданған сауалдарға жауап қайтару арқылы байланысқа шыққан тұрғындарға ашық әңгімеге арқау болған тақырып үшін ризашылық сезімдерін білдірді.
Гүлшат Ибрагимқызы,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz