30.04.2022, 14:07
Оқылды: 23

Шыңғырлауда волейболдан аралас чемпионат өтті

Шыңғырлау спорт клубының ұйымдастыруымен Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде Қазақстан халқының бірлігі күніне орай волейболдан аралас (4 ер, 2 әйел) арасында чемпионат өз мәресіне жетті. Спорттық жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Д.Абрашитов сөз сөйлеп, салауатты өмір салтын насихаттау, спортшылардың шеберлігін шыңдау өте маңызды екенін айтты.

BD8BBDF8-8A66-4698-A12A-66058390A3DC

Аталған жарысқа 12 команда қатысып, тартысты ойын көрсетті.

Жарыс нәтижесінде І орынды Ақтау ауылдық округі командасы иеленсе, ІІ орынға  Ақбұлақ ауылдық округі командасы табан тіреді, ал, ІІІ орынды БЖСМ жеңіп алды.

4CAD786A-6C29-4905-AB5E-2C72DB12A458

Амангелдиева Баян "Үздік қорғаушы", Кежегарина Аида "Үздік байланыстырушы", Нух Серікбай "Үздік шабуылшы", Беркутов Дидар "Үздік ойыншы", Айманғалиев Ақылбек "Ардагер спортшы" аталымдарымен марапатталды.

 Барлық командалар дәрежелі дипломдармен, медальдармен,   "Шыңғырлау" спорт клубы атынан ақшалай сыйлықтарға ие болды.

Мирас Жұмашев,

«Шыңғырлау» спорт клубының әдіскері

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале