Шыңғырлауда аудан әкімінің кубогіне арналған волейболдан ерлер арасында ашық аудандық турнир өтті.
Ойынға Бөрлі, Бәйтерек, Теректі, Жаңақала аудандарынан командалар келіп қатысты.
Турнир нәтижесі бойынша Бәйтерек ауданы командасы ІІІ, Теректі ауданы командасы ІІ, Шыңғырлау ауданы командасы жүлделі І орынды иеленді.
Сондай-ақ, Ерасыл Сағынғалиев «Үздік шабуылшы», Самат Дүйсенбай «Үздік қорғаушы», Шату Еркебұлан «Үздік байланыстырушы», Анарбек Танбай «Үздік ойыншы» номинациясына ие болды. Аудан әкімі Мұрат Амангелдіұлы жеңімпаздарды марапаттап, кубоктар мен ақшалай сыйлықтарын табыстады.
Спорт сүйер қауым осындай шараларды асыға күтіп, әр жарысқа қалыспай келіп жатады. Бұл турнирді де тамашалау үшін, кешкі уақытқа қарамастан, біраз көрермен жиналды. Жиналған жұрт Шыңғырлау ауданының намысын қорғаған командаға қолдау көрсетіп, жігерлендіріп отырды.
Тынымсыз еңбек, көптеген дайындықтар мен жылдар бойғы тәжірибенің арқасында шыңғырлаулық команда жеңіс тұғырынан көрініп, ауылдастарын тағы бір қуантты.
Гүлжазира Асу,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz