Шыңғырлау ауылдық округі бойынша алдағы жылғы көктем кезінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында сенбіліктер ұйымдастырылды. Сенбілік барысында арықтар мен су өткізгіш құбырлардың іштері топырақтан, түрлі қоқыстардан, жапырақтардан тазартылып, құбырлардың айналасын кеңейту, шөптерін шабу жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, көктем мезгілінде жауын-шашын мен қар еру салдарынан су мол жиналатын А.Құнанбаев, Сарқырама, Көкжайлау, М.Жуков, Л.Қылышев, Ю.Гагарин, Ә.Молдағұлова көшелеріндегі қауіпті жерлерге «Шыңғырлаукомтехсервис» МКК мекемесі арқылы жаңадан арықтар қазылды. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да су басу қаупі басым басқа көшелерде де жалғасады. Осыған орай, арық қазылған көшелерде тұрғындар үй маңына өткел салған жағдайда міндетті түрде су өткізгіш құбырлар салғаны абзал. Көктем кезінде ағын судың кедергісіз өтіп, тұрғын үйлерді су басу қаупін болдырмауға бірге ат салысайы
Нұрбек Таужанов,
Шыңғырлау ауылдық округінің бас маманы
Шыңғырлау ауданы