Шыңғырлау ауданының 95 жылдығы қарсаңында түрлі мәдени-көпшілік шаралар өтуде.
Ауданнның бұл мерейлі күнін есте қалдыру мақсатында көшелерге көрік берер шыршаларды отырғызу жұмысы да қолға алынды.
Теміржол вокзалы маңындағы «Жеті керемет» монументі жанындағы әсем алаңға, Құнанбаев және Қуантаев көшелерінің бойына жас көшеттер отырғызылды.
Алдағы күндері де бұл жұмыс жалғасын тауып, 100-ге жуық жас көшет егілмек.
Мекеме-ұйымдар қызмектерлері қатысқан ортақ іс соңында шыршалар суғарылып, айналасы тегістелді.
Жас көшеттер уақытымен күтіп-бапталса алдағы уақытта көшелерге сән берері сөзсіз.
Гүлшат Ибрагимқызы
Шыңғырлау ауданы