20.11.2020, 23:37
Оқылды: 57

Шыңғырлауда жастар аудан әкімімен кездесті

Шыңғырлау ауданының әртүрлі саладағы үздік әрі белсенді жастары аудан әкімі Мұханбетжанова Әлия Биғазықызымен кездесті. «Жақсымен жарты сағат» атты тақырыпта өткізілген сұқбат еркін форматта өткізілді. Кездесу барысында Әлия Биғазықызы өзінің өткен өмірін сағынышпен еске алып, тебірене баяндады.

8B2D6F4D-257D-4E9E-A148-8202CE88B87E

Жұмыстың оңайы жоқ, әрине. Дегенмен әкім жұмысы үлкен жауапкершілікті, көптеген кәсіби дағдыларды талап ететін жауапты қызметтердің бірі. Осы орайда Әлия ханым өз жұмысындағы қиындықтар мен қызықтарын айтып, жұмыс барысындағы ұстанымы туралы әңгімелеп өтті. Жұмыс барысынан бөлек бос уақытында немен айналысатындығы, сүйікті кітабы, үлгі тұтар жандары жайында сұрақтар қойылып, қызықты әрі өнегелі жауаптар алынды. Сұқбат барысында жастар да өз сұрақтарын қойып, шара атмосферасы одан да жеңілдене түсті. Қызыққа толы шараның ортасында бейне-хабарлама жолдап тосынсый жасаған мектептегі ұстазы Әлия ханымды бір қуантып тастады. Бейнероликті тамашалаған Әлия Биғазықызы: «Бұл менің орыс тілі пәнінен берген мұғалімім ғой. Өте керемет ұстаз, керемет жан. Қаншама жыл көрмесем де бейнесі, көзқарасы дәл бұрыңғыдай жылы» деп мұғалімдерін, мектеп кезін еске алды. Аталмыш шараның арқасында жастар мен аудан әкімінің ара қатынастары жақындай түсті деп ойлаймыз. Шара соңыңда ізгі тілектерін жеткізген жастар аудан әкіміне жүйелі сұқбат үшін алғыстарын білдіріп, осындай шаралардың жиі өткізілуіне қолқа салды.

6F3FAE00-B309-4A6A-9C38-FC865E47B93A

Әлия ханым да жастарға жұмыстарында табыс, өмір жолына сәттілік тілей отырып, жастармен жиі кездесіп тұруға қарсы еместігін жеткізді. Шара соңында Әлия Биғазықызына аудан жастары атынан естелік алғысхат пен гүл шоқтары табыс етіліп, шараға қатысушылар кештен әдемі әсермен қайтты.

 Айбарша Лекерова,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале