30.12.2020, 10:15
Оқылды: 18

Шыңғырлаудағы ашық әңгіме

Ауданның әлеуметтік жағдайын көтеруді көздеген, жаңа жетістіктерді жобаға енгізген, ауыл-аймақты дамытудың 7 басым бағытын алға қойған «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырған аудандық мәслихатқа депутаттыққа үміткерлер алыстағы Ақтау ауылдық округінде болды.

IMG_8905

Кездесуде сөз алған үміткерлер басым бағыттарға тоқталды.

- Партияның сайлауалды бағдарламасының ішіндегі экономикалық тұрақты аудан атану үшін мемлекеттік қолдауды арттыру, инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы ауданда ауыл шарушылық өнімдерін қайта өңдеу саласын дамытатын жұмыс орындарын ашу, айналымға 153 мың га астам енгізу есебінен пайдаланылатын жайылымдар алаңын екі есеге (шамамен 300 мың га) кеңейту, ірі қара мал санын 30,4 мыңнан 35 мың басқа дейін арттыру есебінен мал шаруашылығын дамыту, оның ішінде алдағы 5 жылда асыл тұқымды мал басын 3500 дейін арттыру жоспарлануда. «Nur Otan» партиясы ауыл халқының өмір сүру сапасын жан-жақты арттыруды қолдайды. Бұл бағытта «Ауыл – ел бесігі» және «Құтты мекен»жобаларын іске асыру жалғасын таппақ, - деді үміткерлер.

Мемлекеттік бағдарламалардың шеңберінде жүзеге асып жатқан жұмыстар ауыл халқына бесенеден белгілі. Таза ауыз, су, көгілдір отын, ұялы телефон байланысы т.б. жұртшылықтың өмір сүру деңгейін көтеруге бағытталған.

- Алға қойған мақсаттарды жүзеге асыру – ортақ міндет. Сол себепті де алдағы келе жатқан сайлауда ауыл жұртшылығы партияның сайлауалды бағдарламасын қолдай отырып, округ тұрғындары бір кісідей өз таңдауларын жасайды деп үміттенеміз, - деді кездесу барысында сөз алған кандидаттар.

Өткен жылы партияішілік сайлау праймериз кезінде ақтаулықтар ұялы телефон байланысы туралы ұсыныстарын берген болатын. Ұсыныс назардан тыс қалмады. Ауыл тұрғындары осындай игілікті істері үшін «Nur Otan» партиясына шынайы ризашылықтарын білдірді.

IMG_8870 (1)

- Елге керегі ең алдымен тыныштық қой, әр күнің береке-бірлікке, көңіл толар тірлікпен басталып атса, ауыл-аймағыңның амандығын біліп оянсаң, одан артық не керек?! Қазір ауылда бәрі бар, газ келіп тұр, енді міне, ауылымызға ұялы байланыс та орнады. Таза ауыз су ішіп отырмыз. «Nur Otan» партиясының ауыл-аймақты дамытуға арналған 7 басым бағытындағы ауданымызды жайлы ауданға айналдыру, мал шаруашылығын өрістету, жұмыссыздар санын азайту үшін кәсіпкерлікті дамыту, жерді жұмыс істейтін адамдарға беру, тағы да басқа бағыттары көңілімнен бек шығады, - дейді ардагер ұстаз, ауданымыздың құрметті азаматы Клим Бексейітов.

Гүлшат Ибрагимқызы,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале