БҚО: Тұрғын танысын өлтіріп, денесін өртеп жіберген
7 Маусым 2023

БҚО: Тұрғын танысын өлтіріп, денесін өртеп жіберген

«Жайлы мектеп» жобасы аясында төрт мектеп салынады
7 Маусым 2023

«Жайлы мектеп» жобасы аясында төрт мектеп салынады

Оралдық оқушылар халықаралық байқаудан жүлделі оралды
7 Маусым 2023

Оралдық оқушылар халықаралық байқаудан жүлделі оралды

«Үздік фотосурет және бейнеролик» қалалық байқауы өтеді
7 Маусым 2023

«Үздік фотосурет және бейнеролик» қалалық байқауы өтеді

Елімізде өткен тәулікте белгіленбеген жерде суға түскен төрт адам суға батып кетті
7 Маусым 2023

Елімізде өткен тәулікте белгіленбеген жерде суға түскен төрт адам суға батып кетті

Бас жүлде 1000 000 теңге: Орал қаласының әкімдігі байқау жариялады
7 Маусым 2023

Бас жүлде 1000 000 теңге: Орал қаласының әкімдігі байқау жариялады

Шыңғырлаудағы Наурыз той

Шыңғырлауда Ұлыстың Ұлы күні  мерекесіне арналған «Наурыз - думан!» атты театрландырылған мәдени шара оздырылды. Мәнді де маңызды шараның Асан Қайғы ескерткішінің алаңында ұйымдастырылуы мерекені одан әрі ерекшелендіріп жібергендей.

IMG-20230322-WA0092
Алаңда киіз үйлер тігіліп, мекелемелер тарапынан дастархан жайылып, халыққа наурыз көже және қазақтың өзге де ұлттық тағамдарын үлестірді. Ал кимешек киген әжелер, ұлттық киімде киінген мәдениет қызметкерлері,   ақ жаулық тартқан «Айнамкөз» келіндер клубының мүшелері ән айтып, наурыз тақырыбындағы театрландырылған көріністер қойылып, көпшілікке тамаша көңіл күй сыйлады.

IMG-20230322-WA0076
Ата-бабаларымыз арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы Наурыз мерекесімен құттықтау үшін сөз аудан әкімі Әлия  Мұханбетжанова ортаға шығып, құттықтау сөзін арнады.

IMG-20230322-WA0081

Әкім құттықтауынан соң, мереке одан әрі жалғасып, әсем ән шырқалып, би биленді. Әсіресе туған жер, ауыл туралы әндер көптеп орындалды. Осы мерекелік қызықтардың ішінде қол күрес, гір тасын көтеру, арқан тартыс, бұқа тартыс, ләңгі тебу, қой және қозы көтеру  сияқты  сайыстар бірінен соң бір жалғасып, көпшіліктің көңілі көтеріліп, тамашаның бел ортасында жүрді.

IMG-20230322-WA0079
Наурыз тойдың  соңын, «Наурыз құтты болсын,
Дендеріміз сау, мықты болсын!
Наурыз тойы келе берсін,
Барлық халық бақытты бола берсін»,-деп аяқтаған жүргізуші баршаға амандық тілеп, қоштасты.

Айсұлу Арыстанова,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале