Шыңғырлау ауданында заманауи реңк беретін көркейту жұмыстары жалғасып жатыр. Соның бірі жуырда қолға алынған М.Қуантаев көшесінде халықтың жайлы демалысы үшін көлемі 400 шаршы метрді құрайтын алаң құрылысы. Бұл жұмысты «Дуюсова» ЖК қолға алып, өрнектастарды төсеуде.

Алаңға орындықтар қойылып, жарықшамдар жүргізілетін болады. Сонымен қатар, бірнеше спорт құрылғылары орнатылмақ. Бұл салауатты өмір салтын ұстанған, ауыл тұрғындарына, workout-пен айналысатын әрбір азаматтың таза ауада спортпен шұғылдануына оңтайлы болмақ.
Бауыржан Рамазанов,
Шыңғырлау ауылдық округі әкімінің орынбасары
Шыңғырлау ауданы