Орал қаласында 21 LIVE жобасы өтті. Бұл жобада әр ауданның теолог мамандары 21 күн аясында әрбір күнін рухани байыту мен білімге, ізденімпаздық пен креативке жұмсаған еді.
Жобаның жалпы мақсаты рухани және интеллектуалдық өсу, кітап оқу арқылы ілімді тереңдету, әрбір күнді пайдалы іспен толықтыру болды. Қатысушылар теологиялық кітаптардан үзінді оқып, маңызды тақырыптар бойынша білімдерін арттырып, әлеуметтік желіге арнайы рилстар түсіріп, маңызды ойларымен бөлісіп отырды. Үш апта ішінде әрбір теолог маман қоғамға пайдалы, ізгілікті істер атқарып, бір бірімен тәжірибе алмасып, әр түрлі бағытта біліктіліктерін шыңдады.
Орал қаласы мен аудан теологтары қатысқан тартысты додада комиссия құрамының шешімімен Шыңғырлау аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының теолог маманы Әділхан Наурызбай 21 LIVE жобасының жеңімпазы атанды.
Әділхан Нұрбергенұлы 21 күн бойы жалғасқан жобада жеңіске жетуде үлкен қолдау білдірген командасына ризашылығын білдірді.
Нұрлыбек Қайыржанов
Шыңғырлау ауданы