Аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова еліміздің демографиясын өсіруге үлес қосып, көпбалалы аналардың қатарын толықтырып отырған ақшаттық Индира Кулова мен Нұршат Саркулованы қабылдап, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес «Күміс алқа» табыс етті.
Аудан басшысы Әлия Биғазықызы жылдан-жылға көпбалалы аналар қатарында жас аналардың саны көбейіп келе жатқандығын айта келіп, марапат иелерін құттықтап, зор денсаулық, ұзақ өмір, отбасыларына амандық, баянды бақыт тіледі.
«Әр бала дүниеге өз несібесін ала келеді» демекші, «бір қолымен бесік тербетіп, бір қолымен әлемді тербетер» алтын құрсақты аналарымыз көп болғай!
Б.Баймағамбетова,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz