Бүгін, 23 тамыз Ащысай ауылдық округінің тұрғыны Жакиев Көшербай үшін ерекше әрі есте қаларлық күн. 1964 жылдың 23 тамызында дүниеге келген сайлаушы туған күнін атап өте отырып, ел өміріндегі маңызды саяси науқанға да белсене қатысты. Ол №405 сайлау учаскесіне келіп, өз азаматтық таңдауын жасады.

Туған күннің сайлау күнімен тұспа-тұс келуі бұл күннің мәнін одан әрі арттыра түсті. Азаматтық міндетін абыроймен орындап, дауыс беру арқылы Кушербай Хайркушевич ел болашағына деген өз көзқарасын білдіріп, қоғам өміріне жауапкершілікпен қарайтынын көрсетті.
Бүгінгі таңда қоғамның барлық саласында жаңғыру мен даму үдерісі жүріп жатыр. Мемлекет үшін маңызды шешімдердің жүзеге асуы халықтың үнін ескерумен, азаматтардың белсенділігімен сабақтасады. Сондықтан әрбір берілген дауыс ел ертеңіне деген сенімнің, азаматтық жауапкершіліктің белгісі.
Сайлау – әр азаматтың елдің ертеңіне өз үлесін қосуына мүмкіндік беретін маңызды қоғамдық үдеріс. Өз таңдауын жасау – азаматтық жауапкершіліктің, ел тағдырына деген жанашырлықтың көрінісі.
Осылайша, бүгінгі күн Кушербай Хайркушұлының өміріндегі қос мерекелі, мәні ерекше күн болып есте қалмақ. Бір жағынан – туған күн, екінші жағынан – ел болашағына қатысты өз таңдауын білдірген азаматтық парыз орындалған айтулы сәт.
Туған күн иесіне зор денсаулық, отбасына амандық, бақ-береке тілейміз! Ел іргесі тыныш, жұртымыз аман, болашағымыз жарқын болсын!
Светлана Байтенова
Шыңғырлау ауданы