28.12.2020, 10:06
Оқылды: 14

Шыңғырлаулық кейуананың тілегі

«Nur Otan» партиясының «Ардагерді ардақтайық» партиялық жобасының шапағатын көріп отырған аудан тұрғындарының бірі – Акинша Касанова.

index (3)

1937 жылы дүниеге келген кейуана зейнеткерлікке шыққанға дейін орман шаруашылығында жұмыс істеген. Ұлы Отан соғысының ардагері болған отағасы өмірден ерте озып, кейуана 7 баласын өсіріп, өндіріпті. Бұл күнде балаларынан көрген 14 немере мен 11 шөберенің ортасында қамқорлыққа бөленіп отырған жан.

Еңбек ардагері елімізде болып жатқан түрлі жаңалықтарға құлақ тосып отырады, теледидар қарайды. Сол себепті өзіне көрісе келген облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Мадияр Байжанов пен аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Галина Волкогонды жылы шыраймен қарсы алды.

- Елдің бірлігінен асқан арман жоқ. Бүгінгі ұрпақ біз көрген қиындықтарды көрмесін. Алаңсыз білім алып, еңбек етіп, елінің кәдесіне жарайтын тірлік қылса, бізге содан асқан бақыт жоқ?! - деді кейуана.

Кейуана үйден ұзай алмай отырса да партияның ең басты тілеушісі болып қала беретіндігін айтты.

Гүлшат Ибрагимқызы,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале