12.08.2025, 12:32
Оқылды: 137

Шыңғырлаулық спортшылардың ерен жеңісі

Шынында да, күні кеше өткен "Ақбидай-2025" облыстық VIII спартакидасынан соң облыс көлеміндегі бұқаралық ақпарат құралдары осылай деп жазып, сүйіншілеген еді. Ауқымды спорттық додада Шыңғырлау ауданының намысын қорғаған спортшылар лайықты өнер көрсетіп, жалпыкомандалық есепте жүлделі ІІІ орынға қол жеткізді.

530242239_1968987427219283_8018909292084330627_n

Ауыл спортының ең ауқымды додасында Шыңғырлау ауданы ерекше белсенділік танытты. Ауданның жетістіктері: көкпар – І орын, футбол – ІІ  орын, гір көтеру – ІІ орын, асық ату, бес асық – ІІІ орын.

Сонымен қатар, спортшыларымыз волейбол, садақ ату, тоғызқұмалақ және қол күресте де жоғары нәтижелер көрсетті.

- Аудан намысын абыроймен қорғап, спорттық рух пен қайсар мінез танытқан барлық спортшыларымызға шынайы алғысымызды білдіреміз! Әрқашан биік белестерден көрініп, ауданымыздың абыройын асыра беріңіздер!, - деп аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев жүлделі нәтиже үшін командаларға ризашылығын білдірді.

Ауыл спорты – ел болашағының, жастардың салауатты өмір салтының бастауы. Осындай үлкен додада ауданымыздың атын абыроймен қорғаған барша спортшылардың, жаттықтырушылар мен ұйымдастырушылардың еңбегі орасан зор. Бұл жетістік – бірлік пен еңбек нәтижесі.

- Спартакиада – тек жарыс емес, ауыл жастарының бір-бірімен тәжірибе алмасып, спорттық шеберліктерін арттыруға мүмкіндік беретін үлкен алаң, - дейді аудандық дене шынықтыру, сауықтыру кешенінің директоры, аудандағы "Бөгенбай батыр" көкпар командасының негізін қалаушы, гір спортынан Азия чемпионы Жұбаныш Түймешов.

Светлана Байтенова,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале