11.12.2024, 15:30
Оқылды: 43

Шыңғырлаулық ұстаздар республикалық конкурстан жүлдемен оралды

Алматы қаласында 5-6 желтоқсан күндері өткен «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсы еліміздің үздік педагогтарын анықтады.

WhatsApp Image 2024-12-09 at 14.33.43

Батыс Қазақстан облысынан қатысқан 8 ұстаздың арасынан Шыңғырлау ауданының үш мұғалімі жүлделі орындарға ие болды.

Бұл байқау ұстаздардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, инновациялық бағдарламаларды жүзеге асырудағы тәжірибелерімен бөлісуге зор мүмкіндік берді.

Ауданымыздың білім беру жүйесінің сапасын республикалық деңгейде танытқан ұстаздар – Ақтау ауылының негізгі білім беретін орта мектебінің математика пәні мұғалімі Динара Гусманова – ІІІ орын, Л.Қылышев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Эльмира Сапашева – ІІ, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Самат Байболатов жүлделі – І орынды иеленді.

Ауданымыздың ұстаздары әр түрлі бағыт бойынша сынға түсіп, өздерінің кәсіби шеберлігін ғана емес, шығармашылық әлеуетін де дәлелдеді.

Олардың табысы – жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып, тәрбиелеудегі қажырлы еңбектің жемісі.

Аида Шакит

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале