23.08.2026, 18:25
Оқылды: 12

Шыңғырлаулық жас отбасылар саяси науқанға үлес қосты

Шыңғырлау ауданындағы жас отбасылар маңызды күні белсенділік танытып, өздері тіркелген сайлау учаскелеріне балаларымен бірге келіп, азаматтық таңдауларын жасады.

image-23-08-26-04-42

Ауданымызда әр салада абыройлы еңбек етіп, шаңырақтарының берекесін бекемдеп отырған Исламбектер, Байболатовтар, Сейілхановтар  және Құсашовтар отбасылары да ел өміріндегі маңызды оқиғадан тыс қалмады. Олар бала тәрбиесі мен еңбек міндетін қатар алып жүріп, қоғамның дамуына өз үлесін қосып келеді.

image-23-08-26-04-42 (4)

Жас отбасылардың сайлау учаскесіне балаларымен бірге келуі - жай ғана азаматтық міндетті орындау емес, ұрпақ тәрбиесіне қатысты тағылымды қадам. Өйткені елдік мәселелерге бейжай қарамау, қоғамдық өмірге белсенді араласу ең алдымен отбасындағы тәрбиеден қалыптасады. Бүгін ата-анасының сайлау учаскесіне келгенін көрген бала ертең ел алдындағы жауапкершіліктің мәнін түсінетін азамат болып қалыптасады.

Байболатовтар  отбасы – ауданның қоғамдық өміріне белсене араласып, өз саласында еңбек етіп жүрген жас шаңырақтардың бірі. Өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарап, отбасы мен жұмысты қатар алып жүрген олар үшін туған жердің тұрақты дамуы мен ұрпақтың болашағы маңызды.

image-23-08-26-04-42 (3)

Исламбековтер отбасы да әр салада еңбек етіп, ел игілігіне өз үлесін қосып жүрген жас отбасылар қатарында. Шаңырақтың үлкендері еңбекке адалдықты басты құндылық санап, балаларын да еңбексүйгіштікке, үлкенді сыйлауға, елін құрметтеуге тәрбиелеп келеді.

Ал Сейілхановтар мен Құсашовтардың отбасыларының бүгінгі таңдауы - азаматтық белсенділіктің көрінісі. 

image-23-08-26-04-42 (2)

Шыңғырлаулық жас отбасылардың сайлауға бірге қатысуы «Ел болашағы жас ұрпақтың қолында» деген ұлағатты ойды айшықтай түсті.

Светлана Байтенова,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале