4.06.2021, 12:06
Оқылды: 33

Шыңғырлаулық жеңімпаздарды қабылдады

Шыңғырлау ауданының әкімі Әлия Биғазықызы аудан атын облыс, республика көлеміне танытып жүрген жерлестерді жақында ғана қол жеткізген жеңістерімен құттықтап, қабылдау жүргізді.

 шш

Жуырда Түркістан қаласында самбодан өткен республикалық жарыста қола жүлдегер атанып, Литваның Паланга қаласында өтетін әлем чемпионатына жолдама ұтқан жерлесіміз Қайсар Құсайынов, Бурабай елді мекенінде өткен мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің IV «Рухани қазына-2021» республикалық фестивалінде "Үздік ауылдық мәдениет үйі қызметкері" аталымы бойынша республикалық деңгейде үздік атанған Нұрқанат Кабибуллиев және облыстық «Жігіт сұлтаны - 2021» байқауының І орын иегері Мағжан Жеңісов сынды аудан мақтаныштары аудан әкімдігінде қонақта болып, аудан әкімінің арнайы алғыс хатымен марапатталды.

Аудан әкімі Әлия Биғазықызы жеңімпаздарды жеңістерімен шын жүректен құттықтап, осындай жандар арқасында аудан мерейінің өсіп жатқанын жеткізді.

Одан соң аудан әкімінің орынбасары Азамат Тәңірбергенұлы сөз алып, ізгі тілегін арнады.

Сонымен қатар, әлемдік чемпионатқа дайындалып жатқан Қайсар Құсайыновқа сәттілік тілеп, жеңіспен ораларына сенім білдірді. Өз кезегінде аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Өмірбек Сайынұлы да жеңімпаздарға бағындырар шыңдары көп болғай деп ізгі тілегін білдірді.

 

Айбарша Лекерова,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале