22.04.2021, 15:26
Оқылды: 88

Шыңғырлаулықтар көктемгі егіске дайын

«Сәуір болмай, тәуір болмас» дегендей, ауа райы тұрақталысымен далалық жұмыстардың қарқын алатыны белгілі. Жуырда аудан әкімінің орынбасары А.Бисембаев пен аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Р.Еслямов көктемгі далалық жұмыстармен танысып қайтты.

ек 3

Шыңғырлау ауданы бойынша 2020 жылдың күзінде 2620 гектар жерге күздік дәнді дақылдар егілген болатын. Соның ішінде  2370 га күздік бидай, 250 га күздік қара бидай. Қазіргі таңда аудандағы шаруа қожалықтары күздік дақылдарды қопсытуға кірісті. Ерте көктемгі тырмалау – бұл күздік дақылдарды күтудің жалпыға танылған және маңызды әдісі. Тырмалаудың арқасында топырақтың қопсытуына қол жеткізіледі, жер қыртысының пайда болуына жол берілмейді және ылғалдың булануын азайтады, арамшөптердің көшеттерін бұзады және топырақтағы аэробты микробиологиялық процестерді белсендіреді.

ек1

- Уақытылы тырмалаудан кейін күздік дақылдар жақсы өсіп, тамыр жүйесін дамытады және одан жоғары (0,2-0,5 т / га) өнім береді, - дейді «Жарас» шаруа қожалығының бас агрономы Ерболат Сұлтанғазиев.

ек 2

Одан басқа ерте көктемде жүргізілген алғашқы жұмыс – күздік бидайды азотпен тыңайтқыштың оңай дайындалған түрлерімен қалпына келтіру. Барлық агротехникалық шаралардың сақталуы – жақсы өнім алудың кепілі. Тиімділікпен барлық алғы шарттарды сақтаудың нәтижесінде 2020 жылы «Жарас» шаруа қожалығы 42 ц/га дейін күздік бидай өнімін жинап алған-ды. Алдағы жылы да бұл еңбекқор ұжым жақсы көрсеткіштерімен көрінуге үмітті.

                                                                  Нұрлан Садықов,

                                     аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы 

бөлімінің бас маманы, сектор меңгерушісі

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале