23.01.2025, 19:00
Оқылды: 10

Шыңғырлаулықтарға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді

Шыңғырлау ауданы мемлекеттік маңызы жоғары теміржол желісі бойында жатқан аймақ. Аудан орталығы және ауданға қарасты Шоқтыбай, Ащысай, Амангелді елді-мекендері маңынан тауарлы составтар мен жолаушылар пойызы тынымсыз жүйткиді.

474593175_2045421282536296_4330601097647323666_n

Ел болған жол көп, жол бойында жүрген мал көп. Бұл туралы сан рет ескертіліп, алдын алу жұмыстары үнемі жүргізіліп келеді, алайда алаңдаушылық әлі бар. Қазір қыс айы, жолдар тайғақ, адамға да, көлікке де қауіп көп. Әсіресе, шойынжол бойынан өтер жерлерде аса сақтық керек екені айтпаса да түсінікті. Себебі, теміржол желісі ауылдардың ортасын кесіп өтетін болғандықтан мектепке баратын балалар, әрі- бері жүріп жатырған жаяу адамдар мен өтіп жатырған көліктер ағыны көп.
Қазір, ҚР Ішкі Істер Министрлігінің 2025 жылы «Құқық бұзушылықтың профлактикалық жылы: «Заң мен тәртіпті сақтаудағы полиция» тапсырмасы аясында ағымдағы жылдың 23-26 қаңтар аралығында «Көліктегі қауіпсіздік» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Осындай себептерге орай Шыңғырлау теміржол станциясы ЖПБ бастығы, полиция полковнигі С.Сарбаев және полиция аға сержанты А.Амергалиев, теміржол бекетінің басшысы Аман Сатыбалдиев Шыңғырлау ауылдық округінің әкімі Сайда Бркеновамен және теміржолға жақын орналасқан шаруа қожалықтары өкілдерімен кездесті.

474592808_2045421309202960_7642621280742248123_n

Кездесу барысында теміржолдан өту нүктелеріндегі тәртіп, ата-аналар мен мектеп тарапынан балаларға түсіндіру жұмыстарын жүргізу және балалар қауіпсіздігін назарда ұстап, ата-аналардың теміржолдан өту кезінде балаларға сақ болуы, сондай-ақ, малшылардың теміржол бойында малды бағып жүрген кезде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауы, малдарды қараусыз қалдырмауы туралы мәселелер талқыланды.

Нұрғали Сабыров
Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале