Бүгінгі Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Мәслихаттары депутаттарының сайлауында тілшілеріміз № 134 Қырқопа сайлау учаскесіне барып, мән-жайды біліп қайтқан болатын. Жаңақала ауданындағы С.Меңдешев ауылының халқы таң атысымен саяси науқанға белсенділікпен қатысуда.
Сайлау учаскесінде 462 дауыс беруші тіркелген. Бақылаушы Самат Түсіпқалиұлының айтуынша:
- Сайлау барысы бекітілген ережеге сәйкес заңды түрде өтуде. Ешқандай құқық бұзушылықтар жоқ. Тұрғындардың дауыс беруі өте жақсы, - дейді.
Сонымен қатар Болашақ көшесінің тұрғындары да таңдауларын жасады. Ал зейнеткер Жасқайрат Төлеуғалиев:
- Бүгін біздің еліміз үшін үлкен мереке. Осы сайлауда отбасыммен бірге келіп, дауыс бердік. Сайлау демократиялық жолмен халық арасынан билікке үнімізді жеткізетін, халық үшін жұмыс істейтін азаматтар арасынан болуда. Еліміздің ертеңі үшін, болашақ ұрпақ үшін саяси додаға түскен жандарға сәттілік тілеймін!, - деді.
zhaikpress.kz