19.03.2023, 12:52
Оқылды: 11

С.Меңдешев ауылындағы сайлаушылардың белсенділігі жоғары

Бүгінгі  Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Мәслихаттары депутаттарының сайлауында тілшілеріміз № 134 Қырқопа сайлау учаскесіне барып, мән-жайды біліп қайтқан болатын. Жаңақала ауданындағы С.Меңдешев ауылының халқы таң атысымен саяси науқанға белсенділікпен қатысуда.

IMG-20230319-WA0200

Сайлау учаскесінде 462 дауыс беруші тіркелген. Бақылаушы Самат Түсіпқалиұлының айтуынша:

- Сайлау барысы бекітілген ережеге сәйкес заңды түрде өтуде. Ешқандай құқық бұзушылықтар жоқ. Тұрғындардың дауыс беруі өте жақсы, - дейді.

IMG-20230319-WA0201

Сонымен қатар Болашақ көшесінің тұрғындары да таңдауларын жасады. Ал зейнеткер Жасқайрат Төлеуғалиев:

-  Бүгін біздің еліміз үшін үлкен мереке. Осы сайлауда отбасыммен бірге келіп, дауыс бердік. Сайлау демократиялық жолмен халық арасынан билікке үнімізді жеткізетін, халық үшін жұмыс істейтін азаматтар арасынан болуда. Еліміздің ертеңі үшін, болашақ ұрпақ үшін саяси додаға түскен жандарға сәттілік тілеймін!, - деді.

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале