31.05.2024, 12:45
Оқылды: 60

Солақай саясат құрбандарын еске алды

Бүгін Тасқала ауданындағы ардагерлер саябағында саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған салтанатты жиын өтті.

қуғын сүргін (1)

Бұл күн 1997 жыл ресми бекітілген болатын. Оған аудан әкімінің орынбасарлары Рауан Рахматуллин мен Саягүл Галиева, аудандық маслихат төрағасы Жанар Бисенгалиева, «AMANAT» партиясы Тасқала аудандық филиалының төрайымы Люция Жұбанышқалиева және аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Жәрдемғали Балыков пен ардегерлер, мекеме басшылары қатысты.

қуғын сүргін (3)

Мұндағы мақсат, қазақ халқының тарихындағы қасіретті кезеңде солақай саясаттың құрбаны болғандарды еске алып, олардың рухына тағзым ету. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі үндеуінде:

 «Біз жазықсыз жазаланғандардың әрқайсысын есте сақтау арқылы ғана кемел келешекке жол ашамыз» деген болатын.

Шараны аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Думан Ғазез ашып, жиналғандар солақай саясаттың құрбаны болғандарды 1 минут үнсіз еске алып, гүл шоқтарын қойды. Содан соң аудандық мешітте құран бағышталды.

Назерке Шайхоллақызы,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

қуғын сүргін (2) қуғын сүргін (4)

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале