Казталов ауданының әкімі Асланбек Сарқұловтың төрағалығымен аудан әкімдігінің актив отырысы өтті.
Актив отырысына Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Батыс Қазақстан бойынша департаментінің басшысы Айдар Тыныбаев, аудандық бөлім, мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдер, үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты.
Активте сөз алған Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Батыс Қазақстан бойынша департаментінің басшысы Айдар Жомартұлы аудан активіне аудандық сот төрағасы лауазымына жаңадан тағайындалған Әлібек Мұратұлы Нұрғалиевті таныстырды.
Әлібек Мұратұлы Нұрғалиев 1980 жылы Батыс Қазақстан облысы, Тайпақ ауданы, Калмыково ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары.
2003 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің Басқару және құқық институтын бітірген.
Еңбек жолын 2003 жылы Ақжайық ауданының №2 сотының маманы болып бастаған.
07.2007-12.2008 ж.ж Ақжайық ауданының №2 сотының бас маманы – сот мәжілісінің хатшысы;
12.2008-09.2012 ж.ж Сырым аудандық сотының кеңсе меңгерушісі;
09.2012-01.2013 ж.ж Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік соты кеңсесінің аға сот приставы;
01.2013-06.2014 ж.ж Сырым аудандық сотының кеңсе меңгерушісі;
06.2014-04.2020 ж.ж Орал қаласының №2 сотының судьясы;
04.2020-01.2025 ж.ж Ақжайық аудандық сотының төрағасы қызметін атқарған.
Гүлнұр Бөлешова,
Казталов ауданы