25.09.2020, 16:12
Оқылды: 122

«Сovid» деп жүріп, басқа ауруды ұмытпайық

Жарты жылдан бері әлем covid-19 ауруымен алысып, әлек болып жатыр. Корона вирустан сақтанамыз деп жүріп, басқа індетті жұқтырып алу қаупі барын да ұмытпаған абзал. Күз келіп, ел бақша өнімдерін қысқа дайындап, түрлі көкністерді де консервілеп жабуда. Осы ретте консервтелген өнімдерде ботулотоксин жинақталатынын ескертеміз. Ал ол бутулизм ауруын қоздырады.

ботулизм

 Ботулизм – ауыр токсико-инфекциялық ауру, сопақша ми мен жұлынның холинэргиялық структурасының көпшілігін ботулотоксин зақымдайды және ол офтальмологиялық, бульбарлық синдроммен өтеді. Оның қоздырғышы табиғатта кең тараған, топырақта мекендейді.

Ботулизм көп жағдайда консервіленген өнімдерді саңырауқұлақ, балық, көкөніс, ет өнімдері, шошқа майын пайдаланғанда болады. Сирек жағдайда ерте ботулизм және емшек жасындағы сәбилерде болатын ботулизм кездеседі.

Аурудың инкубациялық кезеңі 2-12 сағаттан 4-7 тәулікке дейін болады. Орташа 18 -24 сағатқа созылатыны дәлелденген. Ботулизм ауруы тез басталады. Адамның эпигастрий аймағында ауырсыну болып, жүрегі айнып, құсу орын алады. Сондай-ақ  іш өту дене температурасы қалыпты, кейде субфебрильді болады. Тез шаршағыштық , үдемелі бұлшықеттің әлсіздігі байқалады. Ауру басталғанынан 3-4 сағат өткеннен кейін бас-сүйек нервінің ядролық зақымдалу симптомы мен басқа да мүшелердің иннервациясының  паралитикалық  бұзылыстары дамиды. Науқас көз көруінің нашарлауына, көз алдындағы «тұман немесе тор» көрінуіне шағымданады. Көз симптомдарымен қатар жұту және сөйлеу  бұзылыстары пайда болады, науқастарда дауыс қарлығуы, сөйлеуінің анық болмауы, мұрын астынан сөйлеуі кейде афония байқалады.

Аурудың алдын алуы үшін тағам өнімдерін дайындау және сақтау кезінде санитарлық-гигиеналық талаптарды орындау ботулотоксин жиналуына қарсы жағдай туғызуымыз керек. Ол үшін жабылған банкілерге уксус, ацетил қышқылын салуымыз қажет. Егер консервіленген банкіңіз үріліп тұрса, онда ол өнім бұзылған болып саналады. Оны мүлде пайдалануға болмайды. Қазір көп адаам консервіленген өнімді үй жағдайында дайындайды. Ол үшін барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, аурудың алдын алуға бағытталған шараларды жүзеге асыру  керек.  Бұдан бөлек лабораторияда жұмыс істейтін ботулизм қоздырғышымен қатыныста болған адамдарға ботулизм профилактикасы, ботулиникалық полианатоксин  вакцинациясмы салынып, профилактика жүргізіледі.

Азия Қарағойшина,

 «Ұлттық сараптама орталығы»

 ШЖҚ  РМК БҚО бойынша филиалы

бактериологиялық зертхананың лаборанты

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале