Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Бұқаралық ақпарат қызметкерлері күніне орай Орал қаласындағы «Евразия» сауықтыру кешенінде журналистер арасында спартакиада өтті. Батыс Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен өткен спорттық шарада футбол, волейбол, шахмат, дойбы, асық ату, бес асық секілді спорт түрлері қамтылды. Аталмыш бағамдармен өрбіген спорттық бәсекеде жеңімпаздар анықталды.
Спорттық шараның жабылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов жүрекжарды лебізін білдіріп, жүлделі орындар мен естелік сыйлықтарды табыс етті. Бір сәтке қаламдарын спорттық құралдарға алмастырып, өздерін басқа қырынан сынап көрген әріптестеріміз арасында шахматтан аудандық «Жаңарған өңір» газетінің жауапты хатшысы Жанайдар Болатбекұлы ll орынға ие болса, қарсылас шақ келтірмей, озып шыққан газеттің l санатты тілшісі Ақсәуле Хамзина бес асықтан бас жүлдені жеңіп алды. Ал әріптестеріміз қатысып, бақ сынаған «Жайық Пресс» құрама командасы шағын футболда ll орынды, волейболдан l орынды орынды иеленді. Қаламы қарымды журналистерге жоғары деңгейде ұйымдастырылған спартакиада көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Жаннұр Берікқызы,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz