5.04.2022, 16:15
Оқылды: 65

Спорт шеберлігіне үміткер атанды

Таяуда Ақтау қаласында дзюдо күресінен 2010-2011 жылы туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында «Халық батырлары Иса-Досан» жүлдесіне арналған Xll халықаралық турнир өтті. Жарыста Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Шымкент, Атырау, Түркістан, Атырау қалалары және Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарынан келген мыңнан астам жас дзюдошылар сынға түсті.

29

Жаңақалалық Әділет Қалиарыстанов баптайтын жас палуандар да бақтарын сынап келген болатын. 32 кг салмақ дәрежесінде Нұр Темірболат жүлделі ІІІ орынға ие болып, спорт шеберлігіне үміткер атанды. 26 кг салмақ дережесінде күрескен Ислам Жәнібек пен 29 кг салмақта бақ сынаған Вячеслав Ким атты палуандарымыз да жақсы деңгейде өнер көрсетті.

- Шәкірттерім жақсы деңгейде күресті. Көңілім толды. Әрбір жарыс үлкен тәжірибе алаңы. Жарыстар арқылы шыңдалады, жарыс көру арқылы өседі. Үлкен додаға баруға қолдау білдірген ауылдағы азаматтарға, шәкірттерімнің ата-аналарына алғысымды білдіремін. Бұдан да биік белестерді бағындыру үшін талмай, жалықпай жұмыстана береміз, - дейді Әділет Қалиарыстанов.

Жанайдар Болатбекұлы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале