23.08.2026, 11:15
Оқылды: 18

Спортшылар азаматтық жауапкершілік танытты

Ел өміріндегі маңызды саяси науқан Құрылтай депутаттарын сайлауға Казталов аудан спортшылары да белсенді қатысып, өз таңдауларын жасады. Казталов аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Манарбек Бектияров бастаған спорт саласының өкілдері сайлау учаскесіне келіп, азаматтық белсенділіктерін танытты.
image-23-08-26-11-01-2
Спорттағы әрбір жеңіс табандылық пен жауапкершілікті талап етсе, ел болашағына қатысты таңдау жасау да осындай азаматтық ұстанымды қажет етеді.
image-23-08-26-11-01-4
— Спортта жеңіске жету үшін әр қадамды нық басу керек. Ал ел болашағына қатысты таңдау жасау – әр азаматтың жауапкершілігі. Сондықтан бүгінгі маңызды саяси науқаннан қалыс қалмай, өз таңдауымызды жасадық, – дейді спорт саласының өкілдері.
image-23-08-26-11-01
Елдік іске белсенді қатысу жеңіске бастар жігерлі қадамның бірі. Спортшылардың таңдауы жастарға үлгі, қоғамға серпін.
Жайна Қабиболла
Казталов ауданы 
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале