28.03.2024, 15:30
Оқылды: 98

С.Сейфуллин көшесіндегі үйлер суда тұр, Өлеңті ауылында да суға кеткен үй көп

Еріген қар суы мен толассыз жауын Сырым ауданындағы өзендерді арнадан шығарып жіберді. 

су сырым 2024 (1)

Шідертінің арнасы жайылған. Ал майдақоңыр толқынды Өлеңті өзені бірер сәтте тажалға айналып шыға келді.

су сырым 2024 (2)

27 наурыз күні 17:00-ден бастап деңгейі секунд санап көтерілген өзен ақыры ауылдың ішіне кірді. С. Сейфуллин көшесіндегі үйлер суда тұр. Өлеңті ауылында да суға кеткен үй көп. Ақдала көшесінің тұрғындары қауіпсіз жерге қайықпен шығарылды.

су сырым 2024 (3)

Аудан бойынша мыңдаған адам эвакуацияланды. Олар қазір уақытша мектептерге, қонақүйлерге қоныстануда.

Төтеншеліктер де, жергілікті билік те, ауыл азаматтары да тасқынның салдарымен күресіп жатыр. Бірақ табиғи апатты адам тоқтата алмайды.

 

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы 

zhaikpress.kz

су сырым 2024 (4) су сырым 2024 (5) су сырым 2024 (6)

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале