Статистика – қоғамдық өміріміздің барлық саласын сипаттайтын нақты сандардың жиынтығы. Статистика қызметінің басты міндеті — ақпарат көздерін шынайы, жан-жақты сандық көрсеткіштермен қамтамасыз ету. Мемлекеттің кез келген экономикалық, әлеуметтік маңызды жоспарлары, шешімдері дәл осы статистикаға сүйене отырып жасалады. Осы орайда аудандық статистика басқармасының жұмысы шаш-етектен.
Сандарды сөйлеткен саланың мерекесі қарсаңында Теректі аудандық статистика басқармасының басшысы Азим Бисенғалиев «Статистика үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Айта кетейік, бұл алғыстың
ҚР стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі ұлттық статистика бюросы атынан берілгені теректіліктер үшін зор мәртебе.
Кәсіби һәм берекелі ұжымның жасаған жүйелі жұмысының нәтижесі де көңіл қуанарлық. Осынау марапат елеулі еңбектің жемісі екені сөзсіз.
Елырыс Елмұрат,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz