15.07.2022, 16:15
Оқылды: 53

Су құбырларына жөндеу жұмысы жүргізілуде

Жәнібек ауданының Талов ауылында су құбырларына жөндеу жұмысы жүргізілуде. Бұдан бұрын аудан әкімінің ауыл тұрғындарымен есептік кездесуінде тұрғындар аталмыш мәселені көтерген болатын.

IMG-20220715-WA0164

Сарыөзеннен Бобровқа және ауылдағы су тоғанына насостар арқылы механикалық жолмен су айдалып, толтырылатын еді. 2020 жылы аталмыш трассаның 1,2 шақырым бөлігі жаңа тұрбаларға ауыстырылды.

Биыл аудандық бюджеттен 2 шақырым болатын су құбырын ауыстыруға 30 млн. теңге қаражат бөлінді. Мемлекеттік сатып алу жүргізіліп, тұрбалар жеткізілді. Қазіргі таңда Талов ауылдық округінің әкімдігі ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру арқылы Сарыөзеннен Талов ауылына қарай баратын су құбырларын ауыстыру жұмыстарын жүргізуде.

IMG-20220715-WA0165

Осы орайда аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов пен «Қазсушар» РМҚ аудандық филиалының басшысы Нұрлан Жүнісов жасалып жатқан жұмыстарды көріп келді. Жұмыстар бір ай көлемінде атқарылады. Күзде ауылдағы су тоғанына су айдау жұмысы жүргізіліп, қысқы маусымға тұрғындардың малдарын суару үшін су жиналады.

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале