«Ақбұлақ» бағдарламасы ауқымында Жәнібек ауданының орталығындағы ауыз су құбырын жөндеу жұмыстары басталып кетті.
Қызылорда облысындағы «ҚазҚұрылысСервис» ЖШС қазір ауылдағы тұрғын үйлерге таза су тарту жұмыстарымен айналысуда.
Аталған ЖШС-нің учаске басшысы Жандос Ақжігітовтың айтуынша, құрылыс алаңында экскаватор және манипулат жұмыс істеуде. Ауыз су құбырын орнату жұмыстарына барлығы 19 адам тартылса, соның 5-уі жергілікті тұрғындар. Биыл 8 сәуірден бастау алған бұл құрылыс жұмыстары қыркүйек айының үшінші жартысында аяқталады деп жоспарлануда.
Н.Өтей
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz