31.07.2024, 18:01
Оқылды: 193

Су тасқыны: Сырымда баспана құрылысы 75%-ға аяқталды

Сырым аудандық сәулет, құрылыс және қала құрылысы бөлімінің басшысы Артур Искаков су тасқынынан зардап шеккендер үшін салынып жатқан баспана құрылысы 75 пайызға аяқталды деген болатын.

FE713608-99A9-4D82-82E2-8582921D3A84

Құрылыстан күннен-күнге қарқын алып, ал көшелер апта сайын ажарланып келеді.

Өлеңті өзені арнасынан тасығанда алғашқы соққыны қабылдаған – Өлеңтідегі Жағалау және Жымпитыдағы С. Сейфуллин көшесі.

8538F7C7-F72D-4E6C-8A4E-F42FF7AA314A

Жаңа үй салу туралы шешім шыққанда С. Сейфуллин көшесінің 16 жанұясы баспананы өз аулаларынан салуды сұраған. Мінекей, қазір ұзын көшенің бойынан бірінен бірін ажыратуға келмейтін 16 қызыл үй сап түзеп тұр.

Кеше Сырым аудандық мәслихатының төрағасы Шынар Дүйсенғалиева, «Amanat» партиясы Сырым аудандық филиалының төрағасы Талғат Дарғожиев және депутаттар, қоғамдық кеңес мүшелері С.Сейфуллиннің бойындағы жаңа үйлердің құрылысымен танысты.

27E13C5B-B8DE-465C-B729-8CE32F6CA1E3

Қабырғасы мен шатыры көзге көрініп тұр ғой, ал құрылысшылар іргелердің қымталуына да ерекше көңіл бөліп жатыр.

Айта кетейік, ертең Қарасу мөлтек ауданындағы баспаналар иелеріне табысталады.

Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале