Шыңғырлау ауданы бойынша 2022 жылдың 31 наурыз күні қардың қарқынды еруі нәтижесінде Шыңғырлау-Ақшат-Сегізсай аудандық автожолының бойында 9 (тоғыз) жерде су тасқыны орын алған болатын. Атап айтқанда 39, 40, 51, 72, 100, 102, 103, 106 және 107 шақырымда. Жолдың ұзындығы 110 шақырымды құрайды. 39-дан 110 шақырымға дейін 2500-ден астам тұрғыны бар 6 елді мекен бар (Сегізсай, Алмаз, Ақшат, Қарағаш, Қайыңды, Қотантал ауылдары).
2022 жылдың 1 сәуір күні Шыңғырлау-Ардақ-Ақтау автожолының бойында 7 (жеті) жерде жолдың үстімен жол шеттерін шая отыра су тасқыны орын алды.
Қар суы мен өзендердің көп мөлшерде келіп көтерілу салдырынан Ақтау ауылының кіре берісіндегі көпірі, Алмаз ауылы кіре-берісіндегі су өткізу құбыры және Қарағаш, Ардақ, Ақбұлақ, Ақшат ауылдарындағы бөгеттерін су жырып кетті.
Жоғарыда аталған төтенше жағдайларды алдын-алу және жою бойынша, жергілікті атқарушы органдардың, төтенше жағдайлар департаментінің, құқық қорғау органдарының күшімен жүргізілді.
Аудан аумағында орын алған табиғи сипаттағы төтенше жағдайда зардап шеккен адамдар жоқ, мал шығыны 3 қой, 12 қозыны құрады.
Бүгінгі күнге аудан бойынша жағдай тұрақты. Аудан аумағындағы барлық өзендер мен су қоймалары қатаң бақылануда. Су көтерілуі ықтимал Шыңғырлау өзені 451 см (қауіпті деңгей 540 см), Елек өзені 367 см (қауіпті деңгей 750 см) құрайды.
Ендігі кезекте келтірілген шығындар бойынша барлық нормативтік-құқықтық актілер дайындалып, қалпына келтіру жұмыстары қолға алынуда.
Арман Аман,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz