12.04.2024, 19:02
Оқылды: 33

Сын сағатта жұдырықтай жұмылу керек

Елімізде болып жатқан жағдай бауырмал халқымыздың бірлігін нығайта түсті. Зардап шеккен өңірлерге әр аймақтан барынша қолдау көрсетіліп жатыр. Бірі қолында барымен қаржылай көмектессе, енді бірі төтенше жағдай орын алған қала, ауылдарға барып қол ұшын созуда.

WhatsApp Image 2024-04-12 at 16.50.34 (2)

Шыңғырлау ауданының белсенді азаматтары да жай қарап қалған жоқ. Жайық, Шаған өзендері жағалауларындағы су бөгеттерін нығайту жұмыстарына атсалысып, қолдау көрсету бойынша аудан әкімінің ұсынысын құп көрген шыңғырлаулық жастар, спортшылар, білім беру, мәдениет саласының қызметкерлері, жалпы 60-қа жуық адам Орал қаласына жол тартты. Қазіргі таңда күшейтілген режимде жүргізіліп жатқан су тасқынының алдын алу шараларына қатысып, қолдау көрсетуде.

WhatsApp Image 2024-04-12 at 16.50.33 (2)

Ауызбіршілігіміз сыналған сын сағаттарда жұдырықтай жұмылсақ, кез келген жүкті жеңілдетеріміз сөзсіз!

Гүлжазира Асу, 

Шыңғырлау ауданы, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале