10.01.2022, 11:27
Оқылды: 48

Сындарлы сәтте сабырлылық керек

Бейбіт басталған шерудің соңы бұзақылық, бүлікшілікке айналғаны өкінішті. Әрине, халықтың өз наразылығын білдіруге құқы  бар. Өйткені, жанар-жағар май қымбаттады, нан бағасы аспандады, азық-түліктің бағасы да көтерілді. Ағайын ашынды, табыстары жетпеген соң талаптарын айтып, алаңға шықты. Шеруге түркі болған тек елдегі қымбатшылық ғана емес, жылдар бойы жинақталған наздың салдары екені де даусыз. Күйзеліске ұшыраған халықтың жағдайын шетелден келген іріткі салушылар пайдаланып, соғыс жағдайына жеткізді. Мұнан байқалғаны, біздің әскери құрам мұндай көтерілсе моральдық та, материалдық тұрғыдан да  дайын емес, заң өз дәрежесінде жүзеге аспай отыр және бұл салада жүйелі реформалар қажет. Бір сөзбен айтқанда біздің құқық қорғау органдары өте әлсіз екені білінді.

WhatsApp Image 2022-01-10 at 11.24.40

Осы ретте Президентіміздің қарапайым халықтың мүддесін алға қойып ҰҚШҰ әскерін шақыртқаны жөн болды деп есептеймін. Кейбіреулері қате түсініп жатыр, түрлі қауесетке еріп кетуде. Негізі бұл әскерлер қарапайым көтерілісшілермен қақтығысқа шықпайды. Олар  стратегиялық нысандардың қорғалуына жауап береді. Біле білсеңіздер, сол нысандардың барлығы осы өз халқымыздың күшімен көтерілген дүниелер, оларды қиратқаннан келер пайда жоқ. Салыстырмалы түрде қарар болсақ, қазіргі таңда Кеңес үкіметі құлаған кезден тұрмысымыз әлдеқайда жақсы. Көп қиындық көріп, егемендік алдық деп жағамызды көтеріп, бойымызды тіктеген шақта шетелдік арандатуылардың ұранына ілесіп, тәуелсіздігімізді әлсіретпейік. Әсіресе, жастарға айтарым, қазір өте қиын шақ. Әр адам қырағы болуы керек. Осы ретте біреудің алдауы мен арбауына ілесіп кетпеу керек. Қай уақытта да реформаларға түсіністік танытып, ел тыныш, аналар мен балалар жыламасын деп әрекет ету шарт. Ел абыройы өссін деп қимылдау керек. Сондықтан сабырлық танытып, елдің өркендеуін ойлайық, ағайын.

Жаңбырбай Камалов,

зейнеткер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале