31.12.2023, 11:00
Оқылды: 55

Сырым ауданы: "2023жыл Өлеңті үшін жемісті жыл болды"

Сырым ауданына қарасты Өлеңті ауылындағы саябақта жаңажылдық кеш өтті.​

IMG-20231231-WA0009

Өлеңтіліктерді мерекемен Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов құттықтады:

- Жаңа жыл – адамның өзінен есеп алатын, жаңа жоспарлар белгілеп, жаңа жеңістерге аттанатын сәті. 2023 жылы Өлеңті ауылы үшін жемісті жыл болды десек, қателеспейміз. Ауыл жастары өнер, спорт сайыстарында жеңістерге жетті. Бірқатаи нысандар жұмысын бастады. Мәселен, заманауи әмбебап спорт алаңы салынды, күндізгі стационары бар фельдшерлік-амбулаториялық пункт ел игілігіне ұсынылды. Жақсылықтар әлі де алда. Тек ауызбірліктен айырылмайық! - деді аудан әкімі.​

IMG-20231231-WA0008

Жаңажылдық кешке келген көрермен “Демалыс орталығы” мекемесі ұсынған концертті тамашалады. Сахнада Р. Шайхиев, А. Жұма, А. Сисенова, А. Елшібеков секілді белгілі әншілер ән шырқады. Ашық аспан астындағы карнавал шоуы отшашумен аяқталды

 

Тұрғындар мәдени-көпшілік шараны ұйымдастырғаны үшін Жымпиты ауылдық округі әкімдігіне, Өлеңті ауылындағы әлеуметтік қызметтер орталығына және ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тауфих Елубаевқа бек риза.​

Бауыржан Ширмединұлы, 

Сырым ауданы

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале