23.08.2026, 8:10
Оқылды: 27

Сырым ауданы: Бижановтар жанұясы дауыс берді

Сырым ауданы, Өлеңті ауылындағы №293 сайлау учаскесінде ауданымызға белгілі Бижановтар жанұясы дауыс берді. 

IMG_3477

Отағасы Мақсот Бижанов бүгінде Ж.Досмұхамедов атындағы орта мектеп-балабақшасында математика пәні мұғалімі болып қызмет атқарады. Ал, жары Гүлнар Ізболатова - мектепке дейінгі ұйым әдіскері.

Бұл үйдің перзенттері де ата-аналары секілді білім шыңына құштар, парасат жолын таңдаған жандар.

Қыздары Нұржауған Есен - мемлекеттік қызметкер болса, ұлдары Архат Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен бакалавр, магистратура оқып бітірді. Қазіргі уақытта Алматы қаласында «Қалам» жекеменшік мектебі мен «JUZ40» оқу орталығында химия пәнінен мұғалімі болып қызмет атқарады.

Ал, үйдің кенжесі Ақниет бүгін алғаш рет дауыс берді.

 

Бауыржан Ширмединұлы, 

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале