8.03.2024, 13:17
Оқылды: 7

Сырым ауданы: егін орман педагог – 85-те

Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов орынбасары Жымпиты ауылының тұрғыны, ардагер ұстаз Райса Тәжмұханованы 85 жасымен құттықтады. 

InShot_20240310_230831846

Райса Қалиахметқызы 8 наурызда - Халықаралық әйелдер күнінде дүниеге келген. Жоғары білімді ұстаз. Еңбек жолын Қособа орта мектебінен бастап, кейін Қ. Мырзалиев атындағы білім ошағында жемісті жұмыс жасап, бірнеше буынды түлетті.

Жас маман Қособа орта мектебінде мұғалім болып жүрген уақытында, жазғы демалысында комбайн тізгіндеп, егін орған. Бұл 1963 жылдың күзге салым кезі болатын.

Құрметті педагогты шаңырағына барып құттықтағандардың қатарында Сырым ауданының әкімінің орынбасары Артур Шерғалиев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, журналист Мүсірбек Айташев бар.

InShot_20240310_230905842

Мүсірбек Айташев мерейлі жас иесіне облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мақсот Бергеннің құттықтау хатын тапсырды.

Осы секілді Жұмагелді Батырниязов жымпитылық Нәсіп Әбсатыроваға, Назыкеш Төлеуоваға аяқтай барып, мерекемен құттықтады.

Бауыржан Ширмединұлы, 

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале