14.03.2024, 23:37
Оқылды: 16

Сырым ауданы: қариялардың батасын алды

Амал мерекесінде жылдағы дәстүрге сай аудан әкімі Жұмагелді Батырниязов аудан орталығындағы бірқатар ардагерлерге арнайы барып көрісіп, батасын алды.

IMG_2588

Аудан басшысымен бірге аудан әкімінің орынбасары Артур Шерғалиев, ардагерлер кеңесінің төрағасы Мүсірбек Айташев, “ORTA” дарынды балалар орталығының басшылық құрамы ардагерлерге тәттілер табыс етті.

IMG_2591

- Мереке қарсаңында жасымызды сыйлап, құттықтап, көрісіп келіп жатқандарыңызға рақмет айтамыз! Еңбекте табысты болып, абыройларыңыз арта берсін!, - деп батасын берді Мағира Мұстафиева.

IMG_2592

Одан бөлек, мерекелік сый әр саладағы ардагерлер Махмет Қажиахметовке, Маржан Ғаббасоваға, Қайыржан Нұрмұхановқа, Балқия Дауловаға, Ақлима Қабекешоваға, Мадина Ихсановаға, Татьяна Ғазезоваға, Жәмиля Жақсығалиеваға табыс етіледі.

Айжан Амангелдина,

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале